АРАЛДЫҚТАР АСТАНА КҮНІН ТОЙЛАДЫ
Арал қаласындағы орталық алаңда Астана күні мерекесіне орай «Халықты рухтандырған – Астана» атты мерекелік шара өтті. Елорда мерекеіне орай өткен шараға жиналғандар қарасы көп болды.
– Астана тұрғындары үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін айтулы күн. Елордамыз аздаған уақыт ішінде қазіргі заманғы әсем қалалардың бірі болып, Орта Азиядағы экономикалық және мәдени орталыққа айналды. Астанамыз одан әрі гүлденіп, әлемдік қоғамдастықта өзінің орнын нығайта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,- деген аудан әкімі М. Оразбаев жұртшылықты құттықтады.
Аудан өнерпаздары әсем әндер орындап, көрермендер қошеметіне бөленді.