БЕЛКӨЛДЕ ДЕМАЛЫС ЖАҒАЖАЙЫ АШЫЛДЫ
Астана күні мерекесінде Белкөл кентінде демалыс жағажайы ашылды. Ашылу рәсіміне қала әкімі Н. Нәлібаев қатысып, қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, жағажай жұмысына сәттілік тіледі. Шара барысы мерекелік концертке ұласып, жағажай суға түсіп, ойын ойнаған балаларға толды.
Жалпы ауданы 27 гектарды құрайтын жағажай жергілікті кәсіпкер, «Абай» шаруа қожалығының төрағасы Мұрат Нұрсайтовтың демеушілігімен салынып отыр.
Жаңа жағажайда 3 көл бар. Демалушылар үшін көлде шатырлар және балық аулаушыларға арналған арнайы орындар әзірленген.
Жаңа жағажайдың тағы бір ерекшелігі – балалардың демалуына барынша көңіл бөлінген. Балаларға арналған ойын алаңында арнайы жерасты суымен толтырылатын 2 бассейн бар.