АЙМАҚТА АПТАП ЫСТЫҚ ЖАЛҒАСАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша 5-7 шілде күндері күндіз Қызылорда облысында сынап бағанасы 41-46 градусқа дейін көтеріледі.
Осыған байланысты Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары облыс тұрғындары мен қонақтардың қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аудару қажеттігін айтады..
Мұндай күндері тұрғындардың көпшілігі дария жағалауына келіп жан шақыратыны бар. Суға түсушілер қатары күрт көбейетін аптапты мерзім құтқарушылар үшін де қарбаласқа толы болады.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов «Қазақстан – Қызылорда» және «Қоғам ТВ» телеарналарының тілшілеріне осы тақырып төңірегінде сұхбат берді.
Жыл басынан бері су айдындарында 10 адам суға кетсе, оның үшеуі кәмелетке толмағандар. Құтқарушылардың басты міндеті осындай оқыс жағдайға ұшырағандарға жәрдем беру. Бірақ олар барлық аймақты қадағалай алмайды. Қауіпсіздікті сақтау ең алдымен суға түсушінің өзіне керек.
Сондықтан да «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі су айдындарында қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттілігін ескертеді
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы