ПАРТИЯЛЫҚТАР ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қалалық партия филиалының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» атты мақаласы облыстық перинаталдық орталығы ұжымында талқыланды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Әбдірахманов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әбішев және «Ана мен бала» орталығының директоры Г.Жұмашева және белсенді партия мүшелері қатысты.
Кездесу барысында Ш.Әбдірахманов Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты мақаласына кеңінен тоқталып өтіп, елорда мерекесі әрбір қазақстандықтың жүрегіне қуаныш ұялататынын жеткізді.
Жиын соңында партия белсенділерін марапатталып, партия қатарына жаңадан 10 адам қабылдады. Марапат иелері өздерінің алғыстарын жеткізді.