АЙМАҚТА ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АУҚЫМЫ АРТТЫ
«Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының газ таратушы желілерін салу» жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін облыстық бюджеттен 12,2 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттама әзірленуде. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаинның айтуынша облыстағы аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар арқылы жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласы Қызылорда -2 АГТС –нен тартылатын газ құбырынан Белкөл кентін газдандыру үшін облыстық бюджеттен 378,8 млн. теңге қаржы қаралған. Бүгінгі күні мердігер мекеме анықталып, келісім-шарт жасалуда.
- Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысын жүргізу үшін 2017 жылға республикалық бюджеттен 500,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 55,6 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша мемлекеттік сатып конкурсы өткізілуде. 2018-2020 жылдарға 12 жобаны (Жосалы, Сексеуіл, Қамыстыбас, Шоқай, Ақеспе, Ақсуат, Бесарық, Теренөзек АГТС-терінің құрылысы мен, Жалағаш, Жосалы, Жақсықылыш, Теренөзек елді мекендерінің кварталішілік газ құбырларының құрылысы) республикалық бюджеттен 13,5 млрд.теңгеге қаржыландыру үшін ҚР Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінімдер жолданды, - дейді басқарма басшысы.