ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА «ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ» АКЦИЯСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қазалы ауданы әкімінің 2017 жылғы 21 маусым 186 өкіміне сәйкес құрылған аудан бюджетінің салық салу базасын ұлғайту жөніндегі жедел жұмысшы тобы,«Түбіртек талап ет» акциясы аясында орталық көшелерде орналасқан сауда дүкендеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында, орталық көшелердегі бірқатар сауда орталықтарының тұтынушыға түбіртек бермейтіндіктері анықталды.
Атап айтар болсақ Әйтеке би көшесінде орналасқан «Ұялы Орда» сауда орталығының тұтынушыларға түбіртек бермегендігі, тіпті кассалық аппараты жоқ екені анықталды. Осы көше бойындағы «KD-studio» дизайн орталығында да осындай жағдай орын алды. «Базарчик» сауда орталығының 1 қабатындағы сұлулық салонының құжаттары жоқ болып шықты, сауда орталығының 2- қабатындағы тігін тігу шеберханасы да бір аптадан бері құжатсыз жұмыс жасап келе жатқандығы анықталды.
Осы фактілерге орай сауда орталықтарының басшылары мен қызметкерлеріне заңдылыққа сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертулер берілді.