«КЕGOC» АҚ КОМПАНИЯ АКЦИЯЛАРЫН САТУ-САТЫП АЛУ «ҚАЗПОШТА» АҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Қазіргі уақытта еліміздің экономикасында үлкен әлеуетке ие ұлттық әл-ауқат қорының құрамында 400-ге тарта компания бар екенін ескерсек, соңғы жылдары олардың қаржылық көрсеткіштерінің ерекше қарқынмен өсіп отырғанын байқау қиын емес. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ Қызылорда филиалы директорының орынбасары Пақуадин Ерсейітов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
- Республикамыздағы мұнай-газ, электр қуаты, металлургия және байланыстың барлық түрлерінің тізгінін ұстаған осынау отандық алпауыт компанияларда шоғырланған активтерге иелік етуге қарапайым тұрғындардың да қолы жететіндей мүмкіндік туғанын айту керек. Қазір «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша эшалонмен «КЕGOC» АҚ компания акцияларын сатып алу, сату 5 қарашадан бастап поштаның барлық бөлімшелерінде жүргізілуде, - деді П.Ерсейітов.
Айта кетейік, «Халықтық ІРО» елімізде 2012 жылдан бері жүріп жатыр. Бұған дейін халықтық ІРО Малайзия, Ресей мемлекеттерінде өтті. Әрбір инвестор тәуекелге бару арқылы ғана акционер бола алады, яғни кепілдік берілмейді. Жалпы акционер болу арқылы біріншіден, баға айырмашылығында, яғни сату-сатып алу арқылы және екіншіден девидент алу арқылы пайда табуға болады.
Шынар БЕКБАН