АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ
Қызылорда облысында биыл асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және түлік сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен 1408,8 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаржының ағымдағы жылдың сәуір айында 465,2 млн. теңгесі игеріліп, 146 шаруашылық субсидия алды.
- Осы жылы да аймағымызда «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ арқылы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары жалғасын табады. Айталық, «Сыбаға» бағдарламасы аясында үстіміздегі жылы 2100 сиыр сатып алу жоспарланған. Осыдан бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 45 шаруашылық 1660 бас сиыр және 82 асыл тұқымды бұқа сатып алып, жоспар 79,0%-ға орындалды. Сондай-ақ, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша биыл жоспарға сәйкес 1000 қой сатып алу жоспарланған. Осыдан 8 шаруашылық 1153 бас қой және 134 қошқар сатып алып, жоспар 115,3%-ға артығымен орындалып отыр,– дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов.
Ал «Құлан» бағдарламасы аясында 500 бас бие сатып алу жоспарланған екен. Бағдарлама бойынша бүгінгі күні 4 шаруашылық 116 бас бие және 10 бас асыл тұқымды айғыр сатып алған.