МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Сот төрағасы А.Дәуренбеков 2017 жылдың 6 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында барлығы 1360 азаматтық істердің қаралғанын, оның ішінде 1101 іс бойынша шешім шығарылғанын атап өтті.
Сот әділдігін жүзеге асырудағы ашықтық, жариялылық принципін жүзеге асыру мақсатында, аудио-бейне жазбасы жазу арқылы барлығы 1360 азаматтық іс қаралған. Барлық талап арыздар «Сот кабинеті» арқылы түсіп жатыр.
Баспасөз конференциясы барысында А.Дәуренбеков Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауы мемлекетіміздің өміріндегі жаңа асулы кезеңді айқындайтын стратегиялық бағдарламалық құжат болып табылатынын, мемлекет басшының қойған тапсырмаларын ой талқысына салып, жүзеге асыруда басшылыққа алу қажеттігін атап өтті.
ҚР Конституциясына, Қазақстан Республикасының азаматтық, банктік заңнамаларды жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы орта қалыптастыру бойынша заңнамалық актілерге енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге тоқталып өтті.