ЖАЛАҒАШТА МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН ЖАРЫС ӨТТІ
Жалағаш кенті орталығындағы стадионда өткен жазғы президенттік көпсайыстан аудандық біріншілік елорда мерекесі мен көрме құрметіне арналды.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ және аудан жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған көпсайыста 50-59 жас аралығындағы ерлер арасында бірінші орынды Т.Аймұратов, әйелдер арасынан К.Ахмет иеленді. 40-49 жас аралығындағы ерлерден М.Алмағанбетов үздік көрсеткіш көрсетті, осы жастағы әйелдер арасында Г.Ысқақова бірінші орын тұғырына шықты.
Ал отыз бен отыз тоғыз жастағы ерлерден 1 орынды Р.Қайранұлы иеленсе, әйелдерден бұл орын жүлдесі Г.Жандәулетоваға бұйырды. Жас жігіттер арасынан Ғ.Әуесбай алға шықты, қыз-келіншектерден С.Өмірсерікова үздік болды.
Сайысқа қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.