ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 15 ТУРИСТІК БАҒЫТ БЕКІТІЛГЕН
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының мәліметінше 2016 жылы Қазақстан туристік ассоциясымен келісе отырып, Қызылорда облысы бойынша 15 туристік бағыт бекітілген.
Бұл бағыттарға Арал ауданындағы Барсакелмес аралы, қайырда қалған кемелер, Көкарал су тоспасы, Қамбаш көлінің жағасындағы демалыс аймағы еніп отыр. Туристер қызыға тамашалайтын нысандар қатарында Қорқыт ата мемориалдық кешені, Жаңақорған ауданындағы таулы массивтер және басқа да мәдени-танымдық, тарихи орындар бар.
Арал ауданындағы «Қамбаш» көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан 12 тұрғын үй құрылысы бой көтерді.
Демалыс аймағына биыл шамамен 80 мың демалушы келеді деп жоспарлануда.