5 ШІЛДЕДЕ КЕЙ ӨҢІРДЕ АПТАП ЫСТЫҚ БОЛЫП, КЕЙ ӨҢІРЛЕРДЕ ЖАҢБЫР АРАЛАС БҰРШАҚ ЖАУАДЫ
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр күтіледі, желдің күшеюі, бұршақ болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін.
Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетіп, бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай облысында кей жерлерінде жел тұрып, екпіні 23 м/с жетеді. Батыс Қазақстан, күндіз Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады. Күндіз Кызылорда облысында аптап ыстық.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында да қатты ыстық, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында күн ыстық, ал кей жерлерде аптап болады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.