ЖАЛАҒАШТЫҚТАР МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Абдрахманов іссапармен Жалағаш ауданында болды. Ақсу ауылдық округіндегі «Сәрке батыр» шаруа қожалығының егіс алқабындағы егіншілермен кездесіп, пікір алмасудан басталған кездесу, аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан активімен кездесуге ұласты.
Жиын барысында С.Абдрахманұлы Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын негізгі міндеттерге тоқталды. Кездесугеаудандық мәслихат депутаттары, кент, ауыл әкімдері, бөлім басшылары, ардагерлер, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Кездесуде аудан әкімі Т.Дүйсебаев Мәңгілік еліміздің мақсат-мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін, рухани жаңғыруымыздың негізгі бағыттарын айқындап берген ұлт жадының тұғырнамасы – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген міндеттер аясында ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстарға, іс-шараларға кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Х.Каметов, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Көштаев сөз алып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.