ЭТНОАУЫЛҒА САЯХАТ
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында киелі Қорқыт Ата мемориалды ескерткішінің маңынан орын тепкен этноауылға Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс жəне бизнес колледжінің ұжымы да барды.
Колледж қызметкерлері ұлттық дәстүрді айшықтаған ауылдан қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесін тамашалады.
Этноауыл бастауын есте жоқ ескі заманнан алатын дәстүрімізді дәріптей түсетін орын ретінде танылып отыр. Мұндағы түрлі әшекейлер, тері, темір, ағаш пен сүйектен жасалған бұйымдар ұлттық мәдениетімізді шетелдіктерге таныстыруда.