ЖОЛДАҒЫ КЕЛЕҢСІЗДІКТЕРДІ БОЛДЫРМАУҒА БАҒЫТТАЛДЫ
Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы А.Мұхимовтың төрағалығымен көліктік бақылау саласындағы, оның ішінде жолдағы келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған жедел отырыс өтті.
Жиынға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының, жергілікті полиция қызметінің және көлік прокуратурасының өкілдері мен көліктік бақылау инспекциясының басшылығы қатысты.
Отырыста «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда облысы учаскесінде жолдағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оны болдырмау шаралары пысықталды.
Жедел отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдардың басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының жоспарын әзірлеу және осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы баспасөз мәслихатын өткізу ұсынылды.