ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2017 жылғы 5 шілде сағат 10.00-де Қызылорда облысы аумағында электросиреналарды қоса отырып «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын береді. Сонымен қатар, осы күні телерадио арналардың хабар таратуын үзу арқылы құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізіледі.
Осыған байланысты тексеру кезінде сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.