ИІРКӨЛ МЕН ТӨРЕБАЙ БИ АУЫЛДАРЫНДА БАЛАБАҚША БОЙ КӨТЕРУДЕ
Қармақшы ауданындағы Иіркөл ауылында 50 орындық «Самал», Төребай би ауылындағы 50 орындық «Ақкөгершін» атты бөбектер үйінің жалпы жоба-сметалық құны 372 миллион теңгені құрайды.
Құрылыс жұмыстарын «Мега ЛТД» мен «Асар» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері атқаруда. Бүлдіршіндерге арналған бұл бөбекжайлардың құрылысы келесі жылдың мамыр айында аяқталмақ.
Қазіргі таңда Иіркөл ауылындағы балабақшаның 1-қабатының қаланып, ішкі сылақ жұмыстары жүргізіліп жатыр, Төребай елді мекенінде балабақшаның іргетасы қаланып, кірпішін өруге дайындық жүргізілуде.
Айта кетейік, аудан бойынша 57 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасаса, олардың 24-і мемлекеттік, 8-і жеке балабақша, 25-і шағын орталық. Бүгінде 31 балабақшада - 3615 бала тәрбиеленуде. Ауданда 3-6 жастағы балалалар мектепке дейінгі тәрбие және оқумен 100 пайызы қамтылып отыр.