«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫН» ҚОШЕМЕТПЕН КҮТІП АЛДЫ
Бүгін «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алған сырбойылық балуан Еламан Ерғалиевті жерлестері Қорқыт ата атындағы әуежайдан күтіп алды.
Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Әділбек Серікбаев Еламанды жеңісімен құттықтады.
Еламан Астанада әскерилер арасында өткен «Әскер барысы» жарысында 1-ші орынды иеленіп, «Қазақстан Барысы» турниріне жолдаманы жеңіп алған болатын.
Е.Ерғалиев 1995 жылы 25 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. 2001 жылы Жосалы кентіндегі № 30 О.Шораяқ атындағы орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 2010-2015 жылдары Алматы қаласындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде, 2015-2017 жылдары Қазақтың спорт және туризм академиясында білімін жетілдірген. Қазіргі таңда Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алады.
Дзюдодан және қазақ күресінен ҚР спорт шебері. Дзюдодан және қазақ күресінен бірнеше мәрте Қазақстан жеңімпазы және жүлдегері.