ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қоғамды біріктірудің, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың кешенді шараларын жалғастыруда. ,
–Бұл бағытта халық¬тың әлеуметтік әлсіз тобын қорғаудың маңызы зор. Өңір-дегі әлеуметтік мәселелердің оң шешім табуы үшін партиялық жобалар жүзеге асып келеді. Бұл жұмыстар жыл бойына жалғасатын болады, – дейді облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құтты¬қожаев.
Партия филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов¬тың айтуынша, облыстық партия филиа¬лының қоғамдық қабылдауларына жыл басынан бері тұрғындардан 1976 өтініш түсіп, оның 21,2 пайызы оң шешілген. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыс¬тырғанда 4 пайызға артық. Тұрғындар тара-пынан тұрғын үй-коммуналдық шаруа¬шы¬лық мәселесі мен елдімекендердің инфрବқұрылымы бойынша өтініштер саны 5 пайызға кеміген.
Ппартия филиал¬да¬рында «Әділет кеңес береді», «Жолда қа¬был¬дау», «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» респуб-лика¬лық акциялары мен арнайы ұйымдас¬тырыл¬ған тақырыптық қабыл¬даулар тұр¬-ғын¬¬дардың өзекті мәселелерінің шешімін табу мен тиісті заң шеңберінде кеңес алула¬рына зор мүмкіндіктер жасап отыр.
Өңірде партиялық жобалар аясында 491 шара өткізіліп, оған 10853 тұрғын қатысқан. Жобалар аясында тұрғындарға көрсетілген қолдаулар да аз емес. Мәселен, «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жоба аясында «Атамекен» балалар ауылы¬ның бітіруші түлектеріне арнайы бағалы сыйлықтар және сонда тәрбиеленіп жатқан балғындарға үстел теннисі табысталса, өрт салдарынан баспанасыз қалған көпбалалы 2 отбасыға азық-түлік, 5 млн теңгеге жуық қаржы және баспана салуға құрылыс заттары берілді.
Облыстық фи¬лиал¬дың бекітілген жұмыс жоспарына қоғамдық кеңестер жүйелі түрде өткізіліп келеді. Облыстық филиал жанындағы қоғамдық кеңестің – 2, аумақтық филиалдар жанын¬дағы қоғам¬дық кеңестің 13 мәжілісі өтті. Есепті мерзімде партияның Әдеп кодексінің талаптарын бұзу фактілері кездескен жоқ. . Жеті комиссияның денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау, жоғарғы техно¬логияны дамыту, индустриялды даму, мем¬лекеттік қызмет көрсету, аграрлық сектор, білім бағыттарындағы15 отырысы ұйым¬дастырылып, тұрғындарды толғандыра¬тын мәселелердің шешілу жолдары талқы¬ланды.
Бүгінде тиісті ұсыныстар партия¬ның орта¬лық аппаратына жолданды.