АУЫР АТЛЕТИКА: ҚҰРАМА САПЫНДА БЕС ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАР
Қарағанды қаласында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының басшысы Жанат Түсіпбековтің қатысуымен Қазақстан ауыр атлеткасы федерациясының конференциясы өтті.
Осы ұйымның баспасөз қызметі хабарлағандай шараға ҚР Ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Ю. Мелников, жаттықтырушылар штабы, Рио олимпиадасының чемпионы Нижат Рахимов, осы олимпиаданың күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл, ҚР Ауыр атлетика федерациясыың жергілікті филиалдары басшылары қатысты.
Конференция барысында өткен жыл қорытындысы қаралып, құраманың халықаралық жарыстардағы нәтижесі талқыланды.
- Жыл сайын мемлекет спортты бұқаралығын арттыру бағытында қолдауды күшейтіп келеді. Осының арқасында талай спортшымыз елімзде өткен додалармен қатар халықаралық жарыстарда топ жарды. Оның дәлелі – Риода өткен Олимпиада десек қателесе қоймаспыз. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы осы олимпиададан 5 медаль иеленіп, медаль санынан Қытай құрамасымен кейін екінші орын алды. Бірақ бұған тоқмейілсімеген жөн. Алда Токио олимпиадасы тұр, — деді ҚР Ауыр атлетика федерациясы жетекшісі Жанат Түсіпбеков.
Конференцияда өңірлерде ауыр атлетиканы дамыту мәселелері сөз болды. Федерация басшысы басқа аймақтарға Қызылорда мен Алматы облыстарын үлгі етті. Өзге өңірлер ауыр атлетиканы осы облыстар деңгейіне көтерсе Қазақстан осы спорт түрінен әлемде бірінші болары анық.
Конференция аясында екінші жартыжылдықтағы ел құрамасына кіретін спортшылар есімі белгілі болды.
ҚР ерлер командасы:
1. Рахимов Н.
2. Харки Ф.
3. Зайчиков А.
4. Уланов Д.
5. Чонтей А.
6. Абубакаров С.
7. Антропов А.
8. Савельев А.
9. Жақанша А.
10. Казов А.
11. Сыбай Р.
12. Линдер А.
13. Линдер С.
14. Макеев М.
15. Сон И.
16. Бектай А.
ҚР әйелдер командасы:
1. ЖаппарқұлЖ.
2. Горичева К.
3. Елисеева М.
4. Аборнева А.
5. Садықова А.
6. Потасова Ю.
7. Амангелді А.
8. Садуақасова С.
9. Ауылбек А.
10. Қозғамбева К.
11. Шалқарова А.
12. Пастухова О.
13. Павлова В.
14. Серебрякова А.
15. Мүптілда А.
16. Мешітханова Р.