ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС ТАБЫЛАДЫ
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қызылорда облысының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және Қызылорда облысының «жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимараты ауласында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге 20-ға тарта мекеменің өкілі мен жүздеген жұмыс іздеуші азамат қатысты. Қызылорда облысының «Жастар одақтары» қоғамдық бірлестігі тарапынан «Жасыл ел» еңбек жасағына 16-29 жас аралығындағы жастар тартылды.
Сонымен қатар, Go working бағдарламасы аясында 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастарға (студенттер қамтылмайды) ағылшын тілі, компьютерлік бағдарлама, құқықтық сауаттылық, дәнекерлеу, бухгалтерлік бойынша тегін оқу курстары өтетінін жарнамалады.
Жәрмеңкенің түпкі мақсаты жұмыссыз жастар санын азайту және мамандардың қызмет сапасын арттыру. Аталмыш шараның маңыздылығын ескере отырып, алдағы уақытта ай сайын көшпелі түрде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілетін болады.