СӘТТІЛІККЕ БАСТАҒАН ЖОБА

Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында «Жас Отан» Жастар қанатының бастауыш бөлімшелері жастар көп шоғырланған еңбек ұжымдарында, аудандарда, денсаулық сақтау саласында, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында жұмыс жасап келеді. Нәтижелі жұмыстардың арқасында «Жас Отанның» Жастар қанаты мүшелерінің саны 11052-ге жетті.
Жыл басынан бері түрлі партиялық жобалар жүзеге асырылды. Солардың бірі «Сәтті қадам» жобасы.
- Жоба аясында облысымыздың алдыңғы қатарлы компаниялары мен мемлекеттік мекемелерімен меморандумға қол қойылып, облыс көлемінде жұмыс тобы құрылды. 2017 жылы «Сәтті қадам» жобасының ІІ бағыты бойынша облысымызда 52 жас қатысуға ниет білдірсе қазіргі таңда сол жастар дипломдарын алды. Жоба негізінде меморандум жасасқан мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындарға іс-тәжірибеден өтуге және «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында жастар жыл соңына дейін жұмыспен қамтылатын болды, - дейді «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Абылайхан Сабанбаев.