«ЖАН-АРАЙ ЖЕМ» ЗАУЫТЫН АРАЛАДЫ
«ҚазСтИн» Қызылорда филиалы және ТРМК Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлері «Жан-Арай» өндіріс орнын аралады. Онда кәсіпорындағы техникалық реттеу саласы, Кедендік одақтың техникалық регламенттерін енгізу үшін кәсіпорынның материалдық базасы мен ғылыми-техникалық жағдайының дайындығы назарға алынды.
«Жан-Арай» ЖШС ауылшараушылығы үшін түйіршіктелген құрама жем шығарып, күрішті қайта өңдеумен айналысады.
Кәсіпорынды арала барысында «ҚазСтИн» Қызылорда филиалы қызметкерлері «Интернет-магазин» ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсету, нормативті құжаттарды белсендіру, 2018-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік стандартизация жоспарын қалыптастыру тәртібі бағытында кеңестер берілді.
Стандартизация бойынша нормативті құжаттардың мәліметтер базасын қалыптастыру жайы айтылып, сапа менеджменті жүйесін енгізудің артықшылықтары түсіндірілді.