ҰЛТТЫҚ НЕГІЗ ҚАЛАУШЫ СТАНДАРТТАР ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«КазИнСт» РМК филиалы мен Қызылорда облысы бойынша КТРМ бірлесіп "Ұлттық негіз қалаушы стандарттар жобасын талқылау" атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, мүдделі тараптар арасында негіз қалаушы стандарттарды жетілдіру жайы талқыланды.
Дөңгелек үстел отырысына тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер Палатасы, «РВЗ» ШЖҚ РМК облыстық филиалы, «Қызылорда су жүйесі» РМК секілді мемлекеттік органдар, кәсіпорындар өкілдері мен ARAI PARK (Арай аквапарк), «Шебер-Принт» секілді қызмет көрсетуші мекемелер мамандары қатысты.
«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК облыстық филиалы бас маманы А. Қалиева сөйлеп, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды.