ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ТАРМАҚТАРЫ АРАСЫНДА ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЙТА БӨЛУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ол конституциялық заңдарда көзделген Қазақстан Республикасы Президентінің жекелеген өкілеттіктерін мемлекеттік билік тармақтары арасында қайта бөлуге бағытталған
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.