ЖАС АТЛЕТТЕР ТАБЫСЫ
Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласында 2001-2002, 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан ҚР чемпионаты өтіп жатыр.
Жарыстың алғашқы күні жерлестеріміз табысты өнер көрсетіп, 3 алтын, 1 қола медальға ие болды.
Бұл күні Алтынай Тәңірбергенова (32 келі), Ерасыл Сәулебеков (36 келі) және Нұржан Аяжан (40келі) бірінші тұғырдан көрінді. Жарыстың қоласы Алтынай Алтынханқызы (40 келі) қола медаь иеленді.
Олардан кейін 48 келі салмақтағы Елена Липатова күміс жүлдеген атанса, жарыстың үшінші күнінде Нұрай Құрманбай (58 келі) алтын, Арайлым Қайсар мен Ләззат Бөлеген (екеуі де 53 келі) қола медаль тағынды.