АЗАМАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛДЫ
Бас төреші Н. Сүлейменовтің айтуынша осымен екінші рет өткізіліп отырған ашық турнирге облыс орталығынан және барлық аудандардан барлығы 37 ойыншы қатысып отыр.
Турнирді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Ержанов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар К.Батишовтың туыстары сөз сөйлеп, ауданда шахмат спортын дамытуға үлес қосқан азамат атында турнирді ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.