ЖАСТАРҒА ЖАТ АҒЫМНЫҢ ҚАУПІ ЖАЙЛЫ АЙТЫЛДЫ
Бүгін Сырдария аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған шара өтті.
Онда облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының аудан бойынша ұйымдастырушы маманы Қ.Бұқарбаев жастар арасында діни сауаттылықты арттырудың маңызы жайлы айтып, көтеріліп отырған мәселеге орай мысалдар келтірді.
Қазір Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы жастардың жат ағым ізінде кетпеуі жолында бірқатар бастамаларды қолға алды. Жиында осы жайлы тарата айтылды.