"СЫР БОЙЫ" ГАЗЕТІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депуттарын сайлау тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді әрі сапалы насихаттағаны үшін үздік масс-медиа өкілдері анықталды.
Ортсайлауком Төрағасының алғыс хаттарымен:
- «Хабар» агенттігі» АҚ төрайымы Алмагүл Ахметжанова Сенат депутаттары сайлауын телеарналарда үздік жария еткені үшін;
- «Алаш Медиа Групп» ЖШС директоры Айбек Алдабергенов Сенат депутаттары сайлауын медиа ресурстарында үздік жария еткені үшін;
- «Казинформ» АА Бас редакторы Бибинұр Тәңірбаева Сенат депутаттары сайлауын ақпараттық агенттіктерде үздік жария еткені үшін;
- «Today.kz» АА директоры Асель Төлегенова Сенат депутаттары сайлауын ақпараттық агенттіктерде үздік жария еткені үшін;
- «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Жұматәлі Әбдіраманұлы аймақтық БАҚ арасында Сенат депутаттары сайлауын үздік жария еткені үшін марапатталды.
Алматы қалалық сайлау комиссиясы төрайымы Жанна Асанова «Үздік спикер» атанды.