Қ.ТОҚАЕВ АДАМНЫҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУЫ ЖӨНІНДЕ ОН ТҰЖЫРЫМ ҰСЫНДЫ
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тұрақты адамзаттық дамудың жаңа парадигмасы. G-Global - жаһандық диалог форматы» халықаралық конференциясына қатысып, сөз сөйлегені туралы хабарлаған болатынбыз. Жиында Қ.Тоқаев адамның орнықты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті өзгерістер туралы өз ойларымен бөлісті және жаңа парадигма туралы он тұжырымын ұсынды. Олар:
Бірінші. Экономикалық қызметтің мән-мағынасындағы басымдықтар нақтылауды талап етіледі. Экономиканы дамытудың түпкі мақсаты - адамдар өмірінің сапасына қатысты: ғылымды дамыту, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет мәселелерін шешу.
Екінші. Орнықты дамудың жаңа парадигмасындағы маңызды мәселе экологиялық мәселелерді қайта бағалау болып табылады. Қоршаған ортаны сақтау және қайта түлету - өркениеттің орнықты дамуының міндетті шарты.
Үшінші. Орнықты дамуды қамтамасыз етуде адам капиталының ерекше рөлі бар. Оған байланысты БҰҰ-ның «Мыңжылдықты дамыту мақсаттары» бағдарламасы және оны 2015 жылдан кейін іске асыру ерекше маңызға ие.
Төртінші. Адам дамуының жаңа тұжырымдамасы жаһандық ауқымдағы әлеуметтік теңдікті теңестіру жолымен бұл жағдайды еңсеру жөніндегі шараларды қарастыруы тиіс.
Бесінші. Даму жолындағы, кедей елдер өзіне ерекше назар аударуды талап етеді, олар экономикалық реформаларды жүзеге асырады және саяси институттарды трансформациялай отырып, орнықты даму жолына шығуға күш салуда.
Алтыншы. Жаңа әлем тәртібі тұжырымдамасында әлемдік өркениет үшін әр мәдениеттің теңдей құндылығында алуан мәдениет шоғыры қағидалары көрініс табады.
Жетінші. Адамдарды, экономиканы және мемлекетті бір біріне қарсы қоятын жаппай бәсекелестік парадигмасын қайта ойластыру қажет. Бұл жерде тең құқықтылық, өзара құрмет және ортақ игілік үшін бірлескен еңбек тұрғысында өзара тиімді ынтымақтастық назарға алынуы тиіс.
Сегізінші. Орнықты даму парадигмасы қауіпсіздіктің қазіргі және келешектегі қатерлерін ескере отырып, жаңа әлемдік тәртіп қалыптастыруды көздеуі тиіс.
Тоғызыншы. Қауіпсіздіктің жаңа парадигмасы: терроризм және экстремизмнің жолын қалай кесу керек, өркениет айырмалары туындау қаупін қалай алдын алу керек, әлемдік саясаттағы жанжалдардың әлеуетін азайту сауалдарына жауап беруі тиіс.
Оныншы. Орнықты даму демократия негізінде ішкі саяси тұрақтылықты көрсетеді, бірақ оны сырттан әкелмей, тарихи тәжірибені, елдің мәдени дәстүрлерін ескеру маңызды.
Шараға белгілі шетелдік және отандық сарапшылар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысып, білім беру реформаларын, ғылымның әлеуметтік жауапкершілігін, экономика мен экологияның ықпалдастығын, жұмыспен қамтуды, заң үстемдігін, қауіпсіздік мәселелерін талқылады.