ӘУЕСҚОЙ БАЛЫҚШЫЛАР АРАСЫНДА ҚАРМАҚПЕН БАЛЫҚ АУЛАУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Арал өңірі балықшыларының III слеті аясында Қамбаш көлінің жағасында әуесқой балықшылар арасында қармақпен балық аулау жарысы ұйымдастырылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарысқа қатысушылардың аулаған балықтарына орай түрлі номинациялар берілді. Атап айтар болсақ, «Ең салмақты балық аулаған» номинациясына Абзал Рахманов, «Көп балық аулаған» номинациясына Кан Виталий, «Ең үлкен балық аулаған» номинациясына Асылбек Ақназаров және «Ең дәмді әзірленген сорпа» номинациясына Қанат Еңсебаев ие болды.
Номинация иегерлері аудан әкімінің арнайы дипломымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.