ЕЛАМАН – ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен VII Республикалық турнир өтті. Палуандар сайысында 22 жастағы Еламан Ерғалиев "Қазақстан барысы-2017" атанды.
Елодадағы "Барыс Арена" сарайында өткен "Қазақстан барысы-2017" турнирінің финалдық жекпе-жегінде осы жарыстың тұңғыш жеңімпазы Ұлан Рысқұловпен шыққан Еламан қарсыласын жамбасқа лақтырып, таза жеңіске жетті.
Жеңімпаз атанған Еламан Ерғалиевке алтын белбеу және алтыннан құйылған «Тайтұяқ» табысталады. Сондай-ақ, жас палуанға 25 миллион теңге, бапкеріне 3 500 000 теңге бұйырды.
Ал, екінші орын иеленген Ұлан Рысқұлға күміс белбеу мен 5 500 000, бапкеріне 1 800 000 теңге берілді.
Үздік үштікті түйіндеген Айбек Нұғымаровқа 1,8 миллион теңге сыйақы тапсырылса, бапкері 900 мың теңгені қанжығасына байлады.