БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫС БАЙЫПТЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
Жуырда Байқоңыр қаласының әкімшілігінде Байқоңыр қалалық ІІО Үйлестіру кеңесінің және Байқоңыр қаласындағы тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тұрақты түрде жұмыс атқаратын үйлестіру мәжілісінің бірлескен отырысы болды.
Отырысқа Байқоңыр кешенінде жұмыс істейтін Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының басшылары мен лауазымды тұлғалары, қала әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері қатысты.
Отырыста қоғамдық орындарда және көшелерде қылмыс пен құқықбұзушылыққа барудың себептері мен шарттары оларды алдын – алу жолдары, есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы тұру, психотроптық заттардың, маскүнемдікке қарсы, қалада ішімдік өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу, ведомствоаралық байланысты нығайту мәселелері қаралды.
Қалыптасқан жағдай қоғамдық орындар мен қала көшелерінде тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жан-жақты бағытта пәрменді шараларды қабылдауды қажет етеді.
Бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша мәдениет және спорт мекемелері, әлеуметтік қызмет басшыларына өмірде қиын жағдайға тап болғандарға әлеуметтік, материалдық, психологиялық көмек көрсетуді үгіттеу бойынша шараларды қабылдау туралы шешім қабылданды.
Н. БАЙМЫРЗАЕВ,
Қызылорда облысы бойынша
Байқоңыр қаласы пробация қызметінің
бөлім бастығы