ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қызылорда облысы ТЖД дағдарыс орталығында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді.
Кеңес отырысын қоғамдық кеңестің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев ашып, одан соң кадр жұмысы бөлімінің бастығы Марат Қобландиев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау» тақырыбында хабарлама жасады. Ол өз сөзінде департамент пен оған бағынысты мекемелердің жеке құрамына тұрақты түрде сыбайлас жемқорлықтықтың алдын алу бойынша заңдылықтарды оқыту шаралары жүргізіліп, төтенше жағдайлар саласының ардагерлері, прокуратура, салық органы, қоғамдық институт өкілдерінің қатысуымен шаралар өткізілетіндігін атап өтті.
Сонымен бірге өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі, «Оңтүстік өңірлік аэромомбилдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің өкілдері де жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде жұмыстарға тоқталды.
Мұнан соң Қызылорда кәсіпкерлік ассоциациясының атқарушы директоры Клара Жанғабылова баяндамашыларға сұрақтар қойып, алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты.
Одан соң қоғамдық кеңес өкілдері Қызылорда облысы ТЖД мұражайын тамашалады. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының жұмысымен танысты.
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы