ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ТҰМАН ТҮСІП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде жауын-шашын болып, тұман түседі, көктайғақ, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Алматы облысында кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел соғады. Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі деп күтілуде. Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Маңғыстау облысында кей жерлерде көктайғақ болады деп болжануда. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.