ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР ЖЕТКІЛІКТІ
Қызылорда облысында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында 5млн 906 мың доза ветеринариялық препараттар қаралған. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов мәлімдеді.
Бүгінгі таңда 4 млн 261,9 мың ветеринариялық препараттар жеткізілген. Оның ішінде: аса қауіпті жұқпалы оба ауруына қарсы 32400 бас түйе мен 229 мың бас уақ малға вакцина салынған.
- Арал ауданы бойынша 28,0 мың доза, Қазалы ауданы бойынша 13,1 мың доза, Қармақшы ауданына 7,5 мың доза бөлініп, бекітілген жоспар бойынша алдын ала егіліп, жылдық жоспарға сәйкес толық орындалды, - дейді басқарма басшысы.