КООПЕРАТИВТІҢ ІЗГІ БАСТАМАСЫ
Сырдария ауданының көлемінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру қалыпты деңгейде жүзеге асып келеді.
Осы орайда, айтпағымыз ауданға қарасты «Ақжарма-Ынтымақ» кооперативі құрылып, бүгінгі таңда өз қызметін бастады. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 69 млн. қаржы алып, ірі қара малын өсіруді бастады. Жергілікті кәсіпкер Берік Қожахметов төрағалық ететін «Ақжарма-Ынтымақ» кооперативі құрамында 26 мүшесі бар. Барлығы да ұжым аясында бірігуге келісім жасасқан азаматтар.
Осындай мемлекеттік қолдау негізінде алдағы уақытта ауданымызда ауыл шаруашылығын кооперативтерін ұйымдастыру бір жолға қойылмақ. Атамыш «Ақжарма-Ынтымақ» кооперативінің алға қойған мақсат міндеттері айқындалып, көпшілікке тиімді қызмет ете бермек.