ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Елімізде 23 500 шақырым жол республикалық маңызға ие болса, оның 110 шақырымы Жаңақорған ауданына тиісілі. Облыстық маңыздағы 158 шақырым, аудандық маңыздағы 158,9 шақырым автомобиль жолы күнделікті қатынасқа айналған.
Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне қарағанда, соңғы төрт жылда ауданда орташа жөнделген аудандық маңыздағы жол 62,7 шақырым құрайды. Әсіресе, ауылдық округке кіре беріс жолына басымдық беріліпті. Соның ішінде «Самара-Шымкент-Кеңес», Самара-Шымкент-Төменарық», «Самара-Шымкент-Қосүйеңкі», «Самара-Шымкент-Екпінді» және «Кеңес-Сусақтағыш-Бесарық» және т.б. бағытында орташа жөндеуден өткен жолды айтуға болады.
Биыл көп уақыттан бері жауыр болған Аққұм ауылына баратын 12 шақырым автомобиль жолының құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжатын жасауға облыстық бюджеттен 3 500,0 мың теңге қарастырылған. Сонымен қатар, «Абдіғаппар-Төлегетай-Хорасан ата» 25,4 шақырым жолының 16,4 шақырымын орташа жөндеу жоспарланған.