«ӨРЛЕУ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАРҒА АҚШАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Қызылорда обысында «Өрлеу» пилоттық жобасы аясында әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек алушылардың қатарындағы 280 еңбекке жарамды жұмыссыз азаматтардың барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. 136 адам тұрақты жұмысқа, 140 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 4 адам жастар тәжірбиесінен өтеуге жіберілді.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше жоба аясында аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік келісім шарт негізінде шартты ақшалай көмек көрсетуге бюджеттен 145,3 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 86,3 млн.теңге қаралған.
Есепті кезеңге 1354 адамға 47,6 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек тағайындалып, 1376 адамға 21,6 млн. теңгеге көмек төленді.
Айта кету керек, Шартты ақшалай көмектің орташа айлық мөлшері 5854 теңгені құрап отыр.