EXPO НЫСАНДАРЫН САЛУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КОМПАНИЯЛАР ТІЗІМІ АНЫҚТАЛДЫ
EXPO нысандарының құрылысын салумен және жобалаумен айналысатын компаниялардың тізімі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2014 жылдың 17 қазаны күні Үкіметтің "Қазақстан Республикасы аумағында мамандандырылған халықаралық көрме нысандарын жобалау және (немесе) тұрғызу жөніндегі қызметті іске асыратын ұйымдардың тізімін бекіту туралы" қаулысына қол қойылды.
Тізімге 7 компания енген. Атап айтқанда, жобалау бойынша - IT Engineering SA фирмасы мен "Транстелеком" АҚ. Құрылыс бойынша - "Сембол Улусларарасы Ятырым Тарым Пейзаж Иншаат Туризм Санайиве Тиджарет Аноним Ширкети" АҚ, "Базис" құрылыс компаниясы" ЖШС, Mabco constructions SA ирмасы. Сонымен бірге, "АБК Кұрылыс – 1" және "Компания АДС" серіктестіктері бар.
Еске сала кетейік, 2013 жылдың соңында Астанада EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөніндегі заң қабылданған болатын. Онда EXPO-2017 нысандары құрылысын корпоративтік табыс салығынан, мүлік және жер салығынан босатуды қарастыратын норма бар.