ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше Қызылорда облысы бойынша бірлескен 21 кәсіпорындар жұмыс атқарады. Жұмыс атқарып жүрген қазақстандық мамандардың саны 6829 адамды құрайды. Есепті кезеңге рұқсатпен 193 шетел азаматтары жұмыс атқарып келеді, оның ішінде 1-санат бойынша - 15 адам, 2-санат бойынша - 64 адам, 3-санат бойынша – 114 адам.
- Қызылорда облысына 2017 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 559 бірлік квота бөлінген, оның ішінде 1-ші санат бойынша 39 бірлік, 2-ші санат бойынша 154, 3-ші санат бойынша 364, 4-санат бойынша 2 бірлік және өз бетінше жұмысқа орналасуға квота бөлінген жоқ. Өткен 2016 жылмен салыстырғанда квота 17 бірлікке артқан, - дейді басқарма маманы.