ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АРАЛ ӨҢІРІ БАЛЫҚШЫЛАРЫНЫҢ ІІІ СЛЕТІ БАСТАЛДЫ
Бүгін Арал ауданында Қамыстыбас көлінің жағасында ІІІ халықаралық балықшылар слеті басталды. Бұл іс-шара тәжірибе алмасу және аймақтың дәстүрлі кәсібін дамыту мақсатында жыл сайын өткізіледі және 2 күн жалғасады.
Алғашқы күні слетке қатысушылар «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, әуесқойлардың балық аулау сайысы және балық өнімдерінен ас әзірлеу байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қордың, «Казрыбхоз» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, аймақтың балық шаруашылығы саласының ардагерлері, Дания, Ресей, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері қатысуда.