ТЕМЕКІ ТҰҚЫЛЫН ТАСТАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қазіргі таңда қала көшелерінің тазалығын сақтап, келбетін келістіру бағытында қарқынды жұмыстар жасалуда.
Алайда жасалған жұмысты бағаламай, қоқысты көрінген жерге тастап, тазалыққа немқұрайлы қарайтындар да жетіп артылады. Мұндай құқық бұзушылықтар көп жағдайда бейнебақылау камералары арқылы анықталып отыр. Мәселен, 14 маусымда 2 азаматтың балалар ойнайтын аулада әңгіме-дүкен құрып отырып, шегіп отырған темекі қалдығын қоқыс жәшігіне емес, отырған жерінде, яғни тура балалар алаңына тастай салғандары белгілі болды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылып, құжаттар сотқа жолданды.
Дәл осы күні тағы бір азаматтың өз көлігінде темекі шегіп отырып, темекі тұқылын көшелердің біріне тастай салғаны бейнебақылау камераларының назарына ілікті. Оған да 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі