ӘСКЕРДЕГІ БІР КҮН
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мерекесі мен байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Қызылорда гарнизонының ұйымдастыруымен алғаш рет «Әскердегі бір күн» тақырыбында баспасөз туры ұйымдастырылды.
Аталған шараға республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері шақырылған. Іс-шара барысында журналистер Қарулы Күштердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, жан-жақты ақпарат алды.
Бағдарламаға сәйкес, Қызылорда гарнизоны бастығының орынбасары, подполковник Асқар Рыспаев 66597 әскери бөлімінде БАҚ өкілдерін қарсы алды. Сонымен қатар, әскери бөлімінің әскери қызметшілері қару-жарақ және әскери техника үлгілерімен таныстыра отырып, арнайы мақсаттағы барлау тобының ұрыс тәсілдерін көрсетті. БАҚ өкілдері үшін сарбаз ботқасы да ұйымдастырылды.
Шара соңында гарнизон басшылығы атынан БАҚ өкілдерін марапаттап, әскерилерлер мереке иелері үшін концерт ұйымдастырды.