ДІНИ АЛАУЫЗДЫҚ ТУДЫРҒАНЫ ҮШІН СОТТЫ БОЛДЫ
Қызылорда облысының ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген кешенді іс-шаралардың нәтижесінде ғаламтор желісіндегі әлеуметтік парақшасы арқылы діни алауыздықты тудыратын әрекеттер жасаған Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды.
Аталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, деструктивті діни ағымның ұстанушысы екендігі анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, айғақ зат ретінде аудиожазбалар алынып, бірқатар жедел іс-шаралар жүргізілді.
Осылайша ол 2017 жылғы 5 маусымда соттың шешімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 2 жылға шартты түрде сотталды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі