ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЕЛ КУБОГЫНАН ТАБЫСПЕН ОРАЛДЫ
Атап айтсақ, 3-кезең қорытындысымен 8 жастағы шахматшылар арасынан қызылордалық Кәусар Әли 1-орын биігіне шықты. Қуандық Кеңесов (10 жас) пен Мейіржан Бармағанбетов (14 жас) 2-орын алды.
Сегіз жастағылар арасынан Хантәңірі Жаппас 3-орын иеленсе, рейтингілік турнирде әйелдер арасында Самал Әбдуәли жеңімпаз атанды.