ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ ЖОЛАҚЫ БАҒАСЫНЫҢ КӨТЕРІЛУІ – НАРЫҚ ТАЛАБЫ
Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерде жолақы бағасының көтерілуі – нарықтық экономика талабы, – деп хабарлады қала әкімдігі. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына, оқушыларға, студенттерге, зейнеткерлерге жеңілдіктер қарастырылады.
- Өткен жылдан бері жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің бағасы оның ішінде «Аи-92» маркалы бензиннің бағасы 124 теңгеден 143 теңгеге, яғни 14 пайызға, дизель отыны 80 теңгеден 130 теңгеге,38 пайызға, газ отыны 30 теңгеден 58 теңгеге, яғни 93 пайызға өскен. Қазіргі уақытта «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-і толықтай шығынмен жұмыс жасауда,- деді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асылбек Шәменов.
Осындай есеппен, жолаушылар тасымалдаушылар жол жүру құнын ересектерге 100 теңге, мектеп оқушыларына 50 тенгеге көтеруді ұсынды.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысындағы талқылаудан соң жол жүру құнын ересектерге 90, мектеп оқушыларына 40 теңге етіп белгілеу туралы шешім қабылданды.
Ал, халықтың әлеуметтік осал топтарына (студенттер, зейнеткерлер және т.б.) жеңілдіктер қарастырылады.
Қала әкімінің орынбасары Асылбек Шәменовтің айтуынша жол ақысының нақты қай күннен бастап қымбаттайтыны әзірге белгісіз.
Қызылорда қаласының әкімдігі