ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары департаменттің борыштармен жұмыс басқармасының басшысы Базархан Ақжігітке жүктелді.
Базархан Ақжігіт 1960 жылы Қызылорда облысында туған. Білімі-жоғары. Мемлекеттік кірістер органдарындағы қызметін 1990 жылдан бастаған. Облыстық департаментте, аудандық басқармаларда басшы лауазымдарында қызмет атқарған.
Әдеп жөніндегі уәкіл ұжым қызметшілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңес беріп, мемлекеттік қызметшілердің заңмен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал ететін болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі және мемлекеттік кірістер органдарының имиджін қалыптастыру мақсатында өзге де жұмыстарды ұйымдастырады.
Департамент ұжымы Базархан Төреқұлұлының жаңа міндетіне сәттілік тілейді.
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің байланыс телефоны: 23-66-71.
Қызылорда облысы бойынша МКД