КЕЛЕШЕК КӘСІПТІК БІЛІМДЕ
Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, осы бағыттағы мамандықтар аясын ұлғайтуға баса назар аударып отыр.
Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, экономиканың қажеттілігімен байланыстырылуы керек екендігі айтылады.
Осыған орай қазір жер-жерде кәсіптік білімге кең өріс ашылып отыр. Мысалы, Жаңақорған кентіндегі аудандық аграрлы-техникалық колледжін фермер, мал дәрігері, дәнекерлеуші, тау-кен жұмысшысы, оператор мамандықтары бойынша 162 студент бітіріп дипломдарын алды. Салтанатты түрде өткен мерекелік шарада колледж директоры Мадияр Ахметов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов түлектерді құттықтап, ақ жол тіледі.
Колледж бітірушілер арасынан 17 түлек қызыл диплом иегері атанды.