МӘСЛИХАТТА ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық мәслихатында Райхан Ысқақованың төрағалығымен Экономика, қаржы және жергілікті басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Комиссия күн тәртібінде «2016 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі туралы» мәселені алдын-ала қарау және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің облысты дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларға қол жеткізілуі, бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуы туралы есептері қаралды. Облыстың 27 бюджеттік бағдарлама әкімшілері бекітілген кестеге сәйкес бюджеттің атқарылуы, нысаналы индикаторларға қол жеткізілуін талқылады.
Комиссия отырысына депутаттар И.Оңғарбаев, И.Тілеп, Р.Есенов, И.Шағыртаев, М.Өтеев, К.Үйреков, Ә.Дауленбаев белсене қатысты. Бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне сауалдар қойып, оған тұщымды жауап алды.